«Қайраттың» ойсырай ұтылғаны қостанайлықтарды жеңген «Астананы» чемпион етті

105

Қазақстан премьер-лигасы 32-ші турында қостанайлық «Тобылды» жеңген «Астана» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды.

Қазақстан чемпионаты аяқталуыға бір тур қалғанда чемпион анықталды. Қостанайда өткен ойында «Астанаға» жеңіс сыйлаған голды 38-ші минутта Юрий Логвиненко соқты.

Ал чемпиондық атаққа үмітті болып келген «Қайрат» Павлодарда «Ертістен» 5:0 есебімен ұтылды. «Ордабасы» 32-ші турда «Атырауды» ұтып, үшінші орынға көтерілді.

Бірінші лига ойындарының нәтижесі бойынша «Қызылжар» мен «Каспий» клубтары премьер-лигаға шықты. Петропавл қаласының командасы араға бір салып оралса, ақтаулық команда 2001 жылдан бері жоғарғы лигада ойнамаған. Қосымша бір жолдамаға «Ақжайық» таласады, ал қарсыласы премьер-лиганың соңғы турында анықталады.

Ел премьер-лигасының соңғы туры 10 қараша күні өтеді.

32-ші тур нәтижелері:  «Ақтөбе» — «Шахтер» 3:2, «Атырау» — «Ордабасы» 1:3, «Тараз» — «Қайсар» 2:1, «Ертіс» — «Қайрат» 5:0, «Оқжетпес» — «Жетісу» 1:1, «Тобыл» — «Астана» 0:1.

«Астана» титулды осымен алтыншы рет қатарынан ұтып тұр. 2014 жылдан бастап команда Қазақстан чемпионы атанып келеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *