Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

38

Ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Осыған сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мегаполистегі 8 ауданды түгел қамтитын шара аяқталуға жақын. Бүгінге дейін қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен журналистер Алматыдағы 7 ауданға Жолдаудың мақсаты мен мәнін жеткізіп үлгерді.

Аталған шараны өткізуге полковник Мұхамеджан Әбдібеков, Нархоз университеті Жеке және жария құқық кафедрасының доценті Роза Өміртай, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали және ақын Аманғазы Кәріпжан қатысты.

Қазан айының 20-жұлдызына дейін жалғасатын түсіндіру жұмыстары ендігі кезекте Наурызбай ауданына бағыт алмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *