Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтті

213

«Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырса, оған Алматы әкімдігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми сайты.

Фестиваль қатысушылары мен оның қонақтарын қала әкімі Б.Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады.

«Жастардың арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елдің жастарының басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет білдірушілер қатары кеңеюде. Бұл – көпшілікке өз талантын паш етіп, шығармашылық көкжиегін кеңейтуге және жаңа тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Жыл сайын фестиваль аясында әр елдің танымал мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен еліміздің жас мамандары мен шығармашылық оқу орындарының студенттері үшін түрлі шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары, дәрістер, тренингтер мен семинарлар өтеді.

Осы уақыт ішінде «ЖасSTAR»-ға сценарист әрі кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж Операсы ұлттық оркестрінің дирижері Филипп Юи, танымал суретші-стилист М.Ламин, «Виртуозы Москвы» оркестрінің солисі, бірінші скрипкашы Алексей Лундин келді.

Бұл фестивальде Broadway musical shows форматындағы мюзикл өтті. «ЖасSTAR» қатысушыларының жас көлемі әр түрлі. Еліміздің шығармашыл жастарының үздік өкілдері Алматының басты концерттік залы – Республика сарайының сахнасында әлемдік мюзиклдердің үздік хиттарын орындады. Фестиваль бағдарламасында «Величайший шоумен», «Красавица и чудовище», «Ромео мен Джульетта», Chicago, «Достар серті», «Ла-Ла Ленд», Mamma mia сияқты мюзиклдердің композициялары орындалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *