«Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы

169

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтарал ауданы білім бөлімі мен Мақтарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақтарал ауданы білім бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Байқауға барлығы 40 негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Шараға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушыларға Мақтарал ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *