Алматыда Республикалық протездік-ортопедиялық орталық журналистерді өз жұмысының ерекшелігімен таныстырды

673

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) өзінің 90 жылдық мерейтойына орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды. Орталықтың ғасырлық тарихында алғаш рет интернет-ресурстар, баспа басылымдары мен телеарналардың журналистері бірегей кәсіпорынның тарихи өткеніне жақындай алды, оның қызметкерлері орталықтың барлық қызмет ету уақытында қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға үмітсіздікті жеңуге, белсенділікті сақтауға, мүмкіндігінше толыққанды өмір сүруге қол ұшын берді. Баспасөз-турының қатысушыларына протездік-ортопедиялық саладағы жаңа трендтер, протездеуде қолданылатын заманауи технологиялар мен материалдар туралы баяндалды.

Қызметкерлердің жоғары біліктілігі – протездік-ортопедиялық орталықтың басты активтерінің бірі. Жыл сайын РПОО қызметкерлерді халықаралық протездеу орталықтарына біліктілікті арттыру курстарына жібереді. Орталық базасында Ресей, Германия, Жапония, АҚШ мамандарының қатысуымен үнемі оқыту семинарлары өткізіледі. Орталық жұмысының арқасында қазақстандық пациенттерге әлемдік озық протез-ортопедиялық бұйымдар өндірушілердің – Nabtesco, Freedom Innovations, Otto Bock, OSSUR өнімдері қолжетімді.

РПОО барлық өңірлік филиалдарында протездеу және ортездеу қызметтерін қажет ететін пациенттерді емдеуге жатқызу мүмкіндігі бар оңалту орталықтары жұмыс істейді. Орталықтың стационарларындағы орындардың жалпы саны 225. Протездеу кезінде пациенттер медициналық стационарға жатқызылады, онда олар медициналық-әлеуметтік көмек және қажетті оңалту іс-шараларын алады. Сондай-ақ орталық кеңес беру-емдеу қызметтерін көрсетеді. Орталықтың есебіне 50 497 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген.

РПОО барлық жас топтарының тұтынушыларына арналған қиындығы бойынша ампутация мен қозғалыс белсенділігінің әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ түрлі жарақаттар мен тірек-қимыл аппаратының ауруларынан кейін қажетті протездік-ортопедиялық өнімдердің кең спектрін шығарады. РПОО шығарған барлық өнімдер сертификатталған, жоғары сапасымен ерекшеленеді және ҚР стандарттарына сәйкес келеді.  РПОО өз қызметінде Қазақстан Республикасының СТ 10 мемлекеттік стандартын, медициналық және фармацевтикалық қызметке арналған лицензияларды пайдаланады.

— 90 жыл ішінде орталық күрделі жұмыстарды атқарды және шағын шеберханадан заманауи кәсіпорынға дейін өсті, оның қарауында протез-ортопедия саласының барлық жаңа технологиялары бар. Бүгінде біз жылына 30 000-нан астам бұйымдарды шығарамыз, оның ішінде 60-тан астамы аяқ-қол протездерінің модификациясы, 112-сі ортопедиялық аяқ киімнің барлық маусымдарына арналған модификациясы және тағы басқалар. РПОО барлық Қазақстанда өндірілетін протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74%-ға жуығын және мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91%-ын шығарады. РПОО дайындаған протездерді параолимпиялық ойындарға қатысушы қазақстандық спортшылар да пайдаланады, бұл шығарылатын өнімнің жоғары сапасын растайды, — деп хабарлады «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петров.

Соңғы жылдары отандық ортопедия өте серпінді дамып келеді, әртүрлі жағдайларға байланысты ампутация жасаған немесе бала кезден мүгедектігі бар қазақстандықтарға бүгінгі таңда жетекші шетелдік клиникалардың ұсынысымен бірдей, протездеудің барлық озық технологиялары қол жетімді. Протездерді дайындау кезінде отандық және импорттық өндірістің сапалы, табиғи материалдары пайдаланылады.

Республикалық протездік-ортопедиялық орталықпен ынтымақтастық тәжірибесі туралы белгілі қоғам қайраткері, 20 жылдан астам уақытын науқас балаларға, мүгедектерге, қарт адамдарға көмек көрсетуге арнаған ерікті Кира Ударцева әңгімеледі.

Кирой Ударцеваның және оның әріптес-еріктілерінің жүзеге асырып жатқан жобаларының бірі ампутациядан өткен қазақстандықтарға көмек көрсетумен байланысты.

— Осындай қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар, әрине, психологтың көмегіне, заңгерлік қолдауға мұқтаж. Бұдан басқа, олардың сапалы протездерді алуды, күнделікті тұрмысты жаңаша жайғастыруды, протездерді дұрыс пайдалануды, өзін-өзі оңалтудың әдістерін зерделеуді үйренуі маңызды. Біздің РПОО-пен ынтымақтастығымыздың тәжірибесі орталық мамандары апатқа ұшыраған қазақстандықтарға барлық медициналық көмек көрсететінін куәландырады. Біз орталық мамандарымен бірнеше жыл бойы жұмыс істейміз, осы жанкешті адамдардың арқасында қазақстандық пациенттер қажетті протездерді алды және олардың көмегімен жоқ аяқ-қолдың барлық функцияларын өтей алатындығын байқауға мүмкіндігіміз бар. РПОО дәрігерлері мен протезшілері мүмкіндігі шектеулі адамдарға екінші өмірді сыйлайды деп айтуға болады — деді Кира Ударцева.

Қоғам қайраткері оның пікірлестерімен бірге жүзеге асырылатын бастамалар туралы да айтып берді. Олардың қатарында онкологиялық аурулардан зардап шегетін балаларға арналған «Қуаныш сыйлайық» және «Дельфинотерапия» жобалары бар, ал БЦП, аутизм және менталдық бұзылыстардан зардап шегетін балаларға «Иппотерапия» жобасы дертті жеңуге көмектеседі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында «Брошенки» жобасы ұйымдастырылған.

Дәмеш Танашева.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *