«Астана» Еуропа лигасының соңғы матчінде «Партизаннан» ұтылды

305

Астана» футболшылары сербиялық «Партизаннан» жеңіліп, Еуропа лигасының L тобында соңғы орын алды.

Матчтың есебі төртінші минутта ашылды — гвинеялық жартылай қорғаушы Сейдуба Сума «Партизанды» алға шығарды. Бірінші таймның ортасында сербиялық клуб тағы екі гол соқты: 22-минутта нигериялық форвард Умар Садик есепті еселесе, 26-минутта жапониялық шабуылшы Такума Асано «Астана» қақпашысы Ненад Эричті  допты өз қақпасынан үшінші рет алып шығуға мәжбүрледі.

Екінші таймда жанкүйерлер екі гол көре алды. 76-минутта Садик дубль жасаған, үш минуттан соң «Астана» румыниялық хавбек Дорин Ротариудің әдемі голымен есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп — 4:1, сербиялық клуб сенімді жеңіске жетті.

Бұл топтың екінші матчында англиялық «Манчестер Юнайтед» голландиялық «АЗ Алкмарды» 4:0 есебімен тас-талқан етті. «МЮ» 13 ұпаймен топта бірінші орын алды, тоғыз ұпайы бар АЗ да плэй-офф кезеңіне шықты. «Партизанда» 8, «Астанада» үш ұпай бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *