АУДАН БАСШЫСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

240

Қазіргі таңда Мақтарал ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы қарттар екені мәлім. Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асанов жаңа жыл мерекесіне орай ардагер қариялардың шаңырақтарына тосыннан кіріп барып, мерекелерімен құттықтап қайтты, деп хабарлады  Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрбіріңіз киелі Мақтаарал ауданының өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еткен еңбектеріңіз жас ұрпақтың бақытты да баянды, шалқып ғұмыр кешуіне септігін тигізді. Қарттары бар ел – бақытты ел. Сондықтан, ел басына күн туған заманда, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор, ұрпағына адал болған қарттарымыз қашан да аман болсын! Сіздерді кіріп келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауданымызда 7863 зейнеткер бар. Оның үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 23-і тыл ардагерлері. Жалғызілікті қариялар қатарында 195 адам бар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *