Ұлттық банк 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді

717

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлеу туралы баяндама жасады.

Ұлттық банк алға қойған мақсаттарға жету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді.

«Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселелері Ұлттық банктің негізгі басым міндеттерінің бірі», — деді Е. Досаев.

Сонымен қатар, еліміздегі несие беру мәселесі де Ұлттық банк төрағасының назарынан тыс қалмады: «Ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру, инфляциялық күтулерді тұрақтандыру және экономиканы ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ету үшін біз ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлейміз. Сараптамалық қауымдастықпен талқыланғаннан және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін жоба ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Ұлттық Банк Басқармасына ұсынылады», — деді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *