Америкалық жігіт миындағы «шошқа құртымен» 10 жыл тірі жүрген

473

Америкалық жігіт басындағы «жауынқұртпен» 10 жыл уақыт  бойы өмір сүрген. Тек қана соңғы апталарда ғана ауырсына бастаған. Тіпті бір рет ол басы ауырып, есінен танып құлаған көрінеді. Бұл туралы CBS 21 телеарнасы көрермендерге мәлім етті. Ол бас ауруы жиілей берген соң, дәрігерлерге қайтадан көрінген. Тексеру қорытындысы көрсеткендей, оның бас сүйегінің ми қабатынан ұзындығы он сантиметр болатын өлі құрт табылған.

Ал америкалық жігіттің басында «жауынқұрт» тәрізді паразит  қайдан жүр? Ол ондаған жыл бұрын Мексикада нашар қуырылған шошқаның етін жеген. Ағзасына осылай инфекция түскен. Ол – жауынқұрт тәрізді ұзын паразит.  Негізінен шошқаның ішегінде болады. Сөйтіп, «шошқа құрты» америкалық жігіттің ішегі арқылы жылжып, миына жеткен. Сөйтіп, жас жігіттің басында ауырсыну белгілері байқалған. Өткен аптада америкалық дәрігерлер жас жігіттің басындағы «шошқа құртын « операция жасап, алып тастады. Қазір ол аман-есен, шауып жүр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *