“Қазақ жауынгерінің” қарсыласы кім?

198

Кәсіпқой бокста қарсылас шақ келтірмей жүрген 22 жасар қазақ Садриддин Ахмедов 12 наурызда ринг төріне қайта оралады. Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтеді деп жоспарланған. Кәсіпқой боксшылардың мәнсабы жайлы ақпарат тарататын boxrec.com сайтының мәлімдеуінше, S.O.Q яғни “Қазақ жауынгері” лақап атымен танымал отандасымызға 32 жасар мексикалық боксшы Марио Альберто Лозано қарсылас атанбақ.


Спорттық мәнсабында 11 кездесу өткізіп, 10 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған Садриддин осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген боксшы. Оның еншісінде WBC Youth World Super Welter Title чемпиондық белбеуі бар. Қазақстандық боксшының қарсыласының да қарқыны мықты. Марио Альберто Лозано нағыз тәжірибелі боксшылардың бірі. Мексикалық боксшы кәсіпқой деңгейде 15 жылға жуық өнер көрсетіп келеді. Кәсіпқой бокста түрлі деңгейдегі қарсыластармен бас аяғы 43 кездесу өткізіп, 33 мәрте жеңімпаз атанған.

Ол тіпті әйгілі Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан Ванес Мартиросян, Сауль Альвареспен қолғап түйістірген Лиам Смит секілді әлемдік деңгейдегі спортшылармен де күш сынасқан. Қазіргі уақытта дүниежүзілік боксшылар рейтінгін анықтайтын boxrec.com сайтының бірінші орта салмақтағы бокшсылардың тізімінде Садриддин Ахмедов 66 орында тұрса, қарсыласы 54 орынға жайғасқан.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *