Си Цзиньпин Уханьға барды

220

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Хубэй провинциясындағы Ухань қаласына келді.

ҚХР Төрағасы COVID-19 жаңа коронавирус пневмониясы өршіп тұрған қаладағы «Хошэньшань» ауруханасына инспекция жасау үшін барған. Си Цзиньпин аурухананы пайдалану, науқастарды қабылдау және емдеу жағдайымен, медицина қызметкерлері үшін қорғаныс шараларымен, сондай-ақ эпидемияға қарсы күреске бағытталған ғылыми зерттеулермен танысты. Сондай-ақ, ол онда емделіп жатқан науқастарды аралап, эпидемиямен күндіз-түні күресіп жатқан медицина қызметкерлерімен амандасты. Айта кетерлігі, «Хошэньшань» — COVID-19 науқастарын емдеу үшін арнайы 10 күн ішінде салынған мың орындық уақытша аурухана.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *