Қазақстанда электро-такси пайда болуы мүмкін

505

Біраз уақыттан кейін ең алғаш рет біздің елде пилотсыз көліктер пайда болу мүмкін екендігі жайлы ақпаратты “Яндекс” компаниясының басшысы Аркадий Волож растады. “Қазір Америкада жүргізушісіз көлікпен қозғалуға болады. Біз Иннополис көшелерімен ғана емес, кәдімгі жолдармен жүргіміз келеді. Бірақ мүмкіндік жоқ. Біз америкаға барамыз, Лас-Вегас пен Детройт көшелерінде жүйіткиміз, қазір Қазақстанмен келісімге келдік”- деді бизнесмен.

“Яндекстің” баспасөз қызметі компания пилотсыз такси қызметін іске қосу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан елдердің қатарында Қазақстанның да бар екендігін айтты.

Бұрын Toyota, Uber, Denso компаниялары пилотсыз көліктерді бірлесіп жетілдіретіндігін хабарлаған. Өз кезегінде “Яндекс” 2022 жылға дейін 1000 пилотсыз көлік шығаратынын хабарлады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *