Министр бір айдың ішінде жағдай реттелетінін айтты

230

BAQ.KZ . Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты.

«Хабар 24» телеарнасында сөйлеген сөзінде Дәурен Абаев елдегі төтенше жағдайдың ұзартылу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.

–Дәл қазір біз бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Дәрігерлердің нұсқауын неғұрлым нақты және дәл орындасақ, мұның бәрі тезірек аяқталады, – деді министр.

Ол бір ай ішінде вирус жұқтырғандардың саны азаяды деп болжады.

–Біз жаңа жағдайларды тіркеудің әлі де шарықтау шегі болады деп күтеміз. Содан кейін жаңа инфекциялар саны азаяды. Бір айдың ішінде жағдай реттеледі, — деді ол.




One thought on “Министр бір айдың ішінде жағдай реттелетінін айтты

  1. Асем

    Қазақстандықбанктерге борышкерлерге неге зан шыгармаи отыр кредит неге токтатылмайды асресе онлайн кредитер мазалауда

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *