Коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланады

201

Елордалықтарға коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланады.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланатынын айтты. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаланың әкімдігімен бірлесіп, барлық теледидар және радиоэфирде қаладағы жағдай бойынша құлақтандырады. «Сіздерден сұрайтынымыз, сол берілген ақпараттарға құлақ асып, ақпаратта айтылғандарды бұлжытпай орындауды сұраймыз. Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар біздің азаматтардың денсаулығын сақтау мен олардың өмірін сақтауға бағытталған», — дейді Б.Сыздықов.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *