Маңғыстау облысында коронавирус оқиғасы

219

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Әнуар Сағымбаевтың айтуынша коронавирус анықталған азамат – 1974 жылғы БҚО тұрғыны болып шықты.

«Бүгін Маңғыстау облысында коронавируспен ауыратын бірінші адам тіркелді. Ол – 1974 жылғы Орал қаласының тұрғыны. Бүгін таңғы 05.30-да ұшақпен Ыстанбұлдан Ақтауға ұшып келген. Ұшақта 74 адам болған. Олардың бәрі обсервациялық ауруханаға жатқызылды», — деді Әнуар Сағымбаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азамат инфекциялық ауруханаға ауыстырылған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *