Қайрат Нұртас отбасымен жаңа челлендж бастады

343

Қайрат Нұртас отбасылық челлендж бастады. Ол бала-шағасымен, жары Жұлдызбен бірге ломбада биледі. Бұл көрініс желідегі оқырмандарының көңілінен шықты.

Қайрат Нұртас отбасымен өзінің орындауындағы «Ломбада» әніне биледі. Челленджде кенже балаласы Ханның да әкесінен қалмай, билегенін көруге болады.

«Би — еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді.
Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер.

Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын.
Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер», — деп жазды Қайрат желіде.

Осылайша әнші көпшілікті үйде болуға шақырды. Үйде отбасымен қалғанда уақытта осылай көңілді өткізуге кеңес береді.

«Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында», «Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың», «Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама», — деп жазады желідегілер.

stan.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *