Жаңақоран карантинге жабылады

249

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданы карантинге жабылады.

Бұл ауданда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 15-ке жетіп отыр. Жалпы бүгінде аймақта жаңадан 6 жағдай тіркеліп, науқастар саны 24-ке жетті. Жаңадан тіркелген 6 науқастың екеуі Жаңақорған, тағы екеуі Қармақшы және біреуі Шиелі ауданынан анықталып отыр. Облыс орталығынан да 1 науқас тіркелді. Барлығы стационарға жатқызылды. Дәрігерлер жағдайлары қанағаттанарлық деген баға беріп отыр. Кешеден бастап Қызылордада шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды.

Қаланың айналасына 5 тосқауыл бекеті орналастырылып, әскерилер мен полицейлер көліктің барлық түрін тоқтатып қойды.

Айта кетерлігі, өңірде қауіптілігі жоғары 1-А категориясы елдерінен келген 29 адам болса, оның 8-і стационарда, 21-і үй жағдайында бақылауға алынған.

Сондай-ақ 1-Б категориясы елдерінен келген 156 адам болса, оның 6 стационарда, 150-і үй жағдайындағы бақылауда. COVID-19 вирусын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 4 жүздей сырбойылық карантиндік бақылауға алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *