Алматы әкімі жедел тесттен кімдердің өтетінін айтты

418

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жедел тесттен кімдердің өтетінін айтты.

«Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді. «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Сондай– ақ ол медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өттетінін атап өтті. Сондай-ақ тесттен өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады. «Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу»,– деп атап өткен қала әкімі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *