АҚШ ДДҰ-ны енді ешқашан қаржыландырмауы мүмкін

101

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Трамп әкімшілігінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтату туралы шешімі ешқашан өзгермей, қаржыландыру жалғаспауы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости тілшісі. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп ДДҰ-ны қаржыландыру тоқтатылғанын жариялаған. Трамп әкімшілігі ұйымды COVID-19 коронавирусының тарауына шұғыл әрекет етпеді деп айыптаған.

«Солай деп ойлаймын, оның үстіне, Құрама Штаттары америкалық салық төлеушілердің қаражатын ДДҰ-ға бұдан былай ешқашан жөнелтпеуі мүмкін деп ойлаймын. Бұдан да батыл қадамға баруға туралы келеді деп ойлаймын», — деді АҚШ мемхатшысы «ұйым басшысын ауыстыру керек пе» деген сұраққа жауап бере отырып.

«ДДҰ-ның мәселесін дұрыстап шешіп алуымыз керек деп ойлаймын … ұйымда 2007 жылы реформа болды, сондықтан БҰҰ құрылымына кіретін ұйымдағы проблеманы бірінші рет көріп отырғанымыз жоқ. Мұны түзеуіміз керек, ДДҰ құрылымдық реформасын жасау керек», — деді Помпео. Ол жүргізушінің АҚШ-та ұйымның өз аналогын құру керек деген сөзіне қатысты пікір білдірмеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19-ды пандемия деп жариялаған. ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,47 миллионға жетсе, 169 мың адам қайтыс болған.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *