Үш азамат мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бергені үшін жазаланды

290

«ANTIКOR.LIVE» жоба аясында «Antikor ortalyǵy»сервистік ғимаратының алаңында онлайн-брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы, оның ішінде қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау және арнайы мемлекеттік қорға сыйлықтар тапсыру қажеттілігі туралы еске салды.

–Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтер көрсеткені үшін, егер де бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қарастырылған әрекет белгілері болмаса, 200 АЕК (2020 жылы 555 600 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтерді оларды ұсынған тұлғалардың пайдасынаәрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алуы,егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның немесе оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса,егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, 600 АЕК (2020 жылы 1 666 800 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», — деп ескертті Арман Бердалин.

Айта кету керек, өткен жылы заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 3 жеке тұлға жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

–Азаматтарды көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтер үшін қалыптасқан лауазымды тұлғаларға  материалдық ризашылық білдіруәдеттен бас тартуға шақырамын, себебі бұл әрекеттер екі тарап үшін де жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.

Құрметті азаматтар, егер сіз қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, онда дереу 1424 Саll-орталығына хабарлаңыз. Сонымен қатар, сіз аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментке хабарласа аласыз», — деді спикер.

Алдағы мерекелер қарсаңында Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыйлықтар мен өзге де игіліктер мен артықшылықтарды қабылдауға тыйым салынатынын ескертеді




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *