ДЕМЕУШІЛЕР НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ САТЫП АЛДЫ

461

COVID-19 коронавирустік инфекциясымен ауырғандарды емдеуге жәрдем беру мақсатында “Шелл Казахстан”, “Эни”, “ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.”, “Тотал”, “ЛУКОЙЛ”, “Камеко Қазақстан”, “Эр Ликид”, “Такеда” секілді Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар шетелдік инвестор және Қазақстан Республикасындағы “Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық кеңесі” қауымдастығының өкілдігі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталыққа (КСМО) интенсивті терапия үшін заманауи жабдық пен жеке қорғану құралдарын сыйлық ретінде тапсырды.
Интенсивті терапия жабдығы кереуеттің маңына орнатылатын мониторлардан, инфузиялық сорғылардан, қан талдауыштарынан, электр импеданс томографынан және жан сақтау шараларын өткізуге арналған функционалды жабдықтардан тұрады. Медициналық қызметкерлер аталмыш жабдықтарда жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті. Сонымен бірге, КСМО-да жұмыс істейтін және және COVID-19 вирусын жұқтырып алу қаупі жоғары медициналық қызметкерлерге медициналық респираторлар, қорғаныс халаттары, көзілдіріктер және қолғаптар секілді 10 мыңнан астам дана жеке қорғану құралдары берілді. Бұл құралдар медициналық мекеме қызметтері деңгейінің өсуі және науқастармен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерді қорғау үшін ерекше маңызға ие.
Арнайы медициналық жабдық пен материалдарға тапсырыс Нұр-Сұлтан қаласы қоғамыдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан келген болатын. Оған жауап ретінде аталмыш шетелдік инвесторлар бірлесіп қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.
Бұл әрекет шетелдік инвесторлардың әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін, әрі олардың бірлігі мен пандемияға қарсы күресте Қазақстанға көмектесу үшін дайын екендіктерінің айқын дәлелі болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *