Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 24 Қыркүйек, 2020

Апалар тауда не істеп жүр?

Алматыдағы "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында жаттығып жүрген 65-72 жас аралығындағы зейнеткер апалар аптасына 2-3 рет тауға шығып, таудың саф ауасымен тыныстап қайтады. Жəй тыныстап, серуендеп қайтады деуге болмайды.
Іле Алатау шатқалының кішігірім шыңдарына көтеріліп, түрлі жаттығулар жасайды. Негізгі серіктері скандинав таяқшалары. Қала саябақтарында қос таяқпен жаяу жүріп жаттыққан апаларға скандинав жүрісімен тау шыңдарын бағындыру тіпті сөз емес деуге болады.
Бұл зейнеткер апаларды денсаулықтары мықты. "Осы шынығудың арқасында еш жеріміз ауырмайды" дейді. Өз жастарынан əлдеқайда жас көрінетін апалардың жүрістері ширақ, қимылдары нық.
"Скандинав жүрісі" қазір кең таралған спорт түрі. Жаттығудың бұл түрін Финляндия жаттықтырушылары ойлап тапқан. Ұзақ жылдар бойы тек спортшылар айналысса, 90-жылдардан бастап бүкіл әлем қарттары айналыса бастады.
Бұл жаттығу арқылы адам денесі бұлшық еттерінің 90 пайызы шынығады. Бүгінде егде адамдар үшін таптырмас дене шынықтыру екені белгілі болып отыр.
Артық салмақтан арылтып, жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады. Жүрек-тамыр жүйесі сергіп, буын жұмысы қалпына келеді. Қан қысымы қал­пын­да болып, жүйке тынықтыратын сиқыры да бар.
Алматы зейнеткерлеріне арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында сканди­навтықтардың салауатты жүрі­сі­мен айналысушылардың клубы жұмыс істейді. Оған әр жастағы кез келген адам ке­ліп, нұсқаушының көмегімен ал­ғашқы қадамын жасай алады. Бір сабақтан кейін-ақ өздігінен таяққа сүйеніп жүруді тез меңгеріп кетеді екен.

40684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз