Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Сәуір, 2024

29 сәуірде Атырау мектептері офлайн оқыту форматына оралады

29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады, - деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.
- Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады.
Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.

 

Фото: pricom.kz

104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз