Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Желтоқсан, 2020

Оқушыға қол көтерген бапкер жұмыстан шеттетілді

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері педагогтың қыздардың бетінен ұрған сәті түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті видеоны зерттегеннен кейін шұғыл түрде білім беру ұйымы мен жарысқа шығуды ұйымдастырған педагогтың аты-жөнін анықтады. Әрине, мұғалімнің балалардың құқықтары мен педагогикалық этика нормаларын бұзатыны анық байқалады. Бұл ретте балалардың жарысқа шығуы және қатысуы қалалық білім бөлімінің рұқсатынсыз өткізілді.

Қазір педагог жұмыстан шеттетілді, білім бөлімі тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Балалармен жұмыс істейтін кез келген адам әрдайым педагогикалық этика нормаларын сақтауы керек", - деді Юлия Овечкина.

Мұның алдында әкімдіктегілер осы видеоға қатысты пікір білдірген еді.

 

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.

404 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз