Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 02 Сәуір, 2024

Алматыда сирек кездесетін Регель қызғалдағы гүлдеді

Алматыда сирек кездестін гүлдерді Бас ботаникалық бақтан табуға болады. Мәселен, қазіргі уақытта бақта Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіретін Регель қызғалдағы гүлдеді. Өткен жылы осы қызғалдақтың гүлдеу сәтін көруге үлгермей қалған едік, биыл сәті түсті. Бізді бақтың Альпинарий жабық коллекциялық учаскесіне аға ғылыми қызметкер Ирина Геннадьевна Отрадных алып барды.  

Бас ботаникалық бақта сирек кездесетін қызғалдақ осыдан 10 жыл бұрын отырғызылыпты. Жыл сайын сәуір айы басталған сәтте гүлдейді екен. Регель қызғалдағы ерекше екен, тастардың арасынан жарып шығады екен. Біз барғанда, Регель қызғалдағының жанында Бузе қызғалдағы да гүлдепті. Бузе қызғалдағы биіктеу өсетін түр болса, Регель жер тағандап, тастарды паналап шығады екен.

«Регель қызғалдағы бүгін ғана гүлдеді. Шамамен осылай 3-4 күн ғана тұрады. Оны алғаш рет 1887 жылы көрнекті орыс ботанигі-географы Андрей Николаевич Краснов сипаттаған. Краснов бұл гүлді Аңырақай шатқалында Шу-Іле тауларын зерттеу кезінде кездестірді. Түрге Санкт-Петербург ботаникалық бағының директоры, әйгілі ғалым және бағбан Эдуард Людвигович Регельдің есімі берілді.

Регель қызғалдағы - Қазақстанның эндемигі, яғни бұл гүл біздің еліміздің аумағында ғана өседі. Ол Шу-Іле тауларында тасты және жартасты беткейлерде, көбінесе қара жалаңаш тауларда кездеседі.

Гүл әдетте бір, ақ сары түбі және сыртқы үлестер ашық күлгін артқы жағы бар. Сабағы өте қысқа. Регель қызғалдағы көптеген параллель тарақ тәрізді өсінділері бар жалғыз жапырақпен ерекшеленеді, соның арқасында жапырақ тақтасының жоғарғы бөлігі гофрленген матаға ұқсайды», - деп баяндады Ирина Отрадных.

Мамандардың айтуынша, бұрын бұл түр КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген болатын, ал қазір Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

«Жабайы қызғалдақтарды халық тергендіктен, олардың саны азайып барады. Жабайы өсетін қызғалдақ түрлері шамдармен емес, тұқыммен көбейеді. Алғаш рет қызғалдақ көшеті 10-12 жаста ғана гүлдей бастайды. Сондықтан адамдар жабайы қызғалдақты тергенде бір гүлді ғана емес, осы гүлдің тұқымынан өсетін қызғалдақтарды да құртып жіберетінін есте ұстаған жөн», - дейді бақ қызметкері Ирина Отрадных.

Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

2294 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз