Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Желтоқсан, 2020

Сот жүйесінің өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Онлайн форматта өткен іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары, судьялары, аппарат басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Жақып Асанов құттықтау сөзінде еліміздің Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанды құрудағы және нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. «Елбасының стратегиялық бастамалары ұлт дамуының жаһандық бағытын айқындайды. Соттар экономиканың өсуі мен әлеуметтік әл-ауқаттың драйверіне айналуы тиіс. Мұны бізден Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және бүкіл Қазақстан халқы күтіп отыр. Біздің мақсатымыз – адамдардың сотқа деген сенімін арттыру. 

Барлық қатысушыларға күнделікті еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл сіздердің ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан тікелей үлестеріңіз», – деді Жоғарғы Сот Төрағасы.

Ж.Асанов жұмыстағы айрықша жетістіктері үшін ордендер мен медальдарды табыс етті.

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір және Департамент басшысының орынбасары Ербол Өмірәлиев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жоғарғы Соттың судьялары Өміртай Ибраев пен Валерий Ноздрин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде тапсыру үшін жергілікті соттарға да жіберілді.

 

 

374 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз