Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Желтоқсан, 2020

Пойыздағы газ жарылысынан зардап шеккен баланың жағдайы ауыр

 

Маңғыстау облысында пойыздағы газ жарылысынан зардап шеккен тағы екі науқас бүгін санавиациямен Ақтауға жеткізілді.  Олар облыстық ауруханада білікті дәрігерлердің бақылауында болады. 

Денесінің 80%-і жанып кеткен «Қазпошта» жолсерігінің жағдайы әлі де ауыр. Тасымалдауға жарамайтын болғандықтан консилиум шешімімен Бейнеудегі аудандық ауруханада қалдырылды. Жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. 

Кеше санитарлық тікұшақпен Ақтауға жеткізілген әкелі-балалы жандардың халі әлі де нашар. 10 жасар бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың өміріне араша болу үшін барын салуда. 

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы реанимация бөлімінің меңгерушісі Мереке Бекбаев: "Баланың жалпы жағдайы термикалық күйік. 2, 3А дәрежесі. Күйіктің көлемі 55%, соған байланысты ауыр жағдайы. Қазір қатаң күйде жатыр. Есі медикаментозды күйде ұстап отырмыз. Шокқа қарсы емдік шаралар жүріп жатыр қазір. Қазір шоктың кезінде бірдеңе айту өте қиын",-дейді.



229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз