Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Желтоқсан, 2020

Әскери институттың курсанттары емтихан тапсырады

Әскери пәндер бойынша қысқы емтихан сессиясын тапсыру – бұл бірінші жартыжылдықта алған білімді қорытындылау. Емтихандардың нәтижелерімен әр курсант өз білім деңгейіне сәйкес баға алады.

Әскери оқу орындардың оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен емтихандар мен сынақтарды тапсыру нысаны белгіленеді.

Болашақ офицерлер 20 күннен астам жазбаша, ауызша және тест түрінде емтихандар тапсырады. Емтихан тапсыру сессиясы кезінде курсанттар орташа есеппен 9-дан 11-ге дейінгі аралықтағы пәннен тапсырады. Емтиханға оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған, ағымдағы семестрде қарастылған сынақтарды тапсырған білім алушылар жіберіледі.

Барлық іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтеді.

Биыл әскери институттарды 12 мамандық және 24 біліктілік бойынша 600-ден астам офицер тәмамдады. 2020 жылы оқуға 500-ден астам жасөспірім түсті.

 Бүгін әскери институттарда 3000-ға жуық курсант білім алуда. Бұл Қарулы Күштердің кадрлар құрамын жасақтауға, сондай-ақ басқа әскерлер мен әскери құрамаларға офицерлер дайындауға мүмкіндік береді.

Құрлық әскерлерінің әскери институтының күнделікті тыныс-тіршілігіндегі мәселелер Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының басқармасына, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығының басқармасына  бағынысты екенін айта кеткен жөн. Бұл әскери оқу орындарының күнделікті қызметін бүгінгі күні әскерлердегі өзекті негізгі талаптарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институттарының оқу-әдістемелік және ғылыми қызметін үйлестіруді салалық құрылымдық бөлімше – ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаменті жүргізеді.

2021 жылы әскери оқу орындарға кезекті іріктеу жоспарлы түрде жүргізіледі. Әскери оқу орындарына түсу үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына бару қажет.

 

457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз