Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Желтоқсан, 2020

«Ақ жол» партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Шымкент қаласындағы «Медикер» медициналық бірлестігі ұжымымен кездесті.

Кездесуге медициналық мекеменің дәрігерлері, қала жастары, партия мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.

«Медикер» медициналық орталығы 2015 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. Мекемеде 350 медицина маманы қызмет атқарады.

Жиында «Ақ жол» партиясы Шымкент филиалынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Тұран Әбжанов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Тұран Әлімханұлы жас кәсіпкер, «Заңғар» сауда үйі мен «World Class» фитнес клубының басшысы.

Сондай-ақ ол қазақ тілінде «ProBusiness» мектебін ашып, бизнесті енді бастаған жас кәсіпкерлерге көмектесіп, қолдау жасайды.

Тұран Әлімханұлы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Ақ жол» партиясының кандидаттары тізіміндегі ең жас үміткер.

– Биыл елімізде жайлаған COVID-19 індетімен жан аямай күрескен сіздерге алғыс білдіремін. Өздеріңіз білесіздер «Ақ жол» партиясы эпидемияны ескере отырып, дәрігер мен медицина қызметкерінің материалдық жағдайын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақ халатты жандардың кәсіби және адами қасиеттерін қорғау үшін олардың мәртебесі туралы Заңды әзірлеуді ұсынды. Сіздердің еңбектеріңізді біз әрқашан бағалаймыз және құрметтейміз, – деді Тұран Әлімханұлы.

 

385 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз