Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Желтоқсан, 2020

«ADAL» партиясы бизнес ашқысы келетіндерге көмектеседі  

«ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмурзаева Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті.

Олар Тереңкөл ауданының жұртшылығымен кездесу өткізді. Жиынға қатысқан өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер, зейнеткерлер, ауданның ауылдық округтерінің жастары көпфункционалды сайтқа қызығушылық танытып, өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау және сатып алу бойынша жан-жақты әңгіме болды. Ақмарал Бекмурзаева партия фермерлер үшін лизинг бағдарламасын 6% - ға енгізуді ұсынып отырғанын еске салды. Сондай-ақ, ол партия өз ісін ашқысы келетіндерге көмектесе алатынын айтты. Ол үшін аdalpartiyasy.kz сайтындағы тегін бизнес-жоспарларды жүктеп алуға болады.

Железин ауданында партия өкілдерін студенттер, кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тыңдады. Бизнес өкілдері өз ұсыныстарын білдірді.

642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз