Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Желтоқсан, 2020

Абайдың 175 жылдығы: ШҚО-да мəдениет үйі ашылды

 

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Абай атындағы мəдениет үйі ашылды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Глубокое кентінде Абай Құнанбайұлы атындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатыстым. Осы сәтті жергілікті тұрғындар, әсіресе аудан орталығының жастары жылдар бойы күтті. Сыйымдылығы 300 орындық көрермен залы, үлкен сахнасы, сондай-ақ үйірме сабақтарын өткізуге арналған шеберханалары бар жаңа мәдениет үйі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналып, бас қосатын орынға айналатыны сөзсіз», - деді облыс әкімі. Оның айтуынша, жаңа мәдениет ошағының алдында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылған.



483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз