Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Наурыз, 2021

Атыраудағы мектепке Салық Зимановтың есімі берілмек

 Биыл белгілі заңгер, академик Салық Зиманұлының туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов өңір басшылығына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне ғалымның есімін беру туралы ұсыныс түсірген еді.

«Жақында облыс мәслихатының депутаттары кезекті сессияда облыстық сот төрағасының ұсынысына қолдау білдірді. Атырау қаласындағы № 37 орта мектепке Салық Зимановтың есімін беру туралы шешім қабылданып, республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жіберілді. Енді оның есімін көшеге беру мәселесі де өз шешімін табатын болады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.


 

 

521 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз