Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2024

Қостанайда тасқын шығынын өтеуге төтенше резервтен 2,4 млрд теңге бөлінді

Облыстық төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы су тасқынын жоюға жұмсалды. Бөлінген сома 2,4 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде халыққа келтірілген шығынды өтеу және біржолғы әлеуметтік көмек төлеу, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді жол инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтауды қалпына келтіру шаралары қамтылды. Атап айтқанда, соманың басым бөлігі Арқалық қаласына – 880 млн теңге, Қостанай ауданына – 419 млн теңге аударылды. Амангелді және Жангелді аудандарына 351 және 316 млн, облыс орталығына 300 миллион теңге жіберілді.

«ҚР Үкіметінің төтенше резервінен Арқалық қаласында пәтер сатып алуға 405 миллион теңге бірінші транш бөлінді, 27 пәтер сатып алынды», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Малға келтірілген шығынды төлеуге келсек, 780 бастың төлемі өтелді. Су тасқынынан барлығы 980 бастан астам мал қырылды.

Сондай-ақ 1736 өтініш бойынша 640,9 млн.теңгеге әлеуметтік көмек төленді. Айта кетерлігі, Амангелді ауданында барлығы 317 өтініш қаралса, қалған аудандарда әлі де жұмыс жалғасуда. Өтініштер әлі де қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта су тасқыны кезінде бұзылған тұрмыстық техника мен жиһазды бағалау бойынша есеп жүргізіліп, дайын болғаннан кейін халыққа келтірілген шығынды өтеу басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда Қостанай облысына көп мөлшерде су келді. Жангелді және Амангелді аудандарындағы елді мекендер, Арқалық маңындағы ауылдар суға батты. Аймақта 28 наурызда төтенше жағдай жарияланды.

Кейіннен Қарасу, Қостанай облысы мен Қостанай ауданында төтенше жағдай енгізілді.

Арқалықтағы алғашқы пәтерлерді Екідің ауылындағы су тасқынынан баспанасыз қалған 24 отбасы алды.

88 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз