Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2021

Мұрат Әбенов жерді жеке меншікке беруге қарсы 

Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі Мұрат Әбенов кешегі өткен отырыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қарсы екенін айтты.Неге?

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖЕКЕ МЕНШІККЕ БЕРУГЕ ҚАРСЫМЫН

Негіздеме: Бұл жер комиссиясы жұмысының ең маңызды мәселесі! Біз өзіміз, балаларымыз бен немерелеріміз, болашақ ұрпақтарымыз өз Қазақ еліміздің жерін пайдалануға құқығымыз бола ма? Оған казір осы Комиссия жауап беру керек! Әле кеш емес дұрыс шешім жасауға! Ауыл шаруашылығы жерлерінің тек 0,6% - ы ғана жеке меншікке берілгенін көпшілік біле бермейді. Қазіргі уақытта барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 99% - дан астамы әлі де мемлекеттік меншікте. Негізгі тұрымды сұрақ - қазіргі талқыланып бастаған Заңдар мен қазіргі билік органдары оны толығымен жеке меншікке бере ме? Біздің келесі ұрпақтарымыз бізге ата-бабаларымыз қалдырған жерді пайдаланғаны үшін басқалардан рұқсат сұрауға тура келмейді ме? Миллиондаған гектар жеке жері болатын "латифундистер" пайда бола ма? Олардың мұрагерлері, жер телімдерді алуға мүмкіндігінен айырылған қазақстандықтардың ұрпақтарына жалға береіп, сол көлденең табыспен еңбек жасамай ақ "рантье" бола ма? Дәл қазір біздің емес , болашақ ұрпақтың жерге құқығы шешілуде. Сол себептен мен жерді жекеге берүді , онын ішінде Қазақстан азаматтарына да мүлдем қарсымын. Жер барлығының тең иелігінде , халықтың меншігінде болу керек.

ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШКЕН КЕЗДЕ ЖЕРІ БАР ЖӘНЕ ОНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕРДІҢ ҒАНА ЕМЕС, БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ

Негіздеме: Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке жалға беру және сату Тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Мемлекеттіліктің қалыптасуының алғашқы жылдары, экономикалық тұрақсыздық, ел экономикасын қайта құру аясында көптеген азаматтар тұрғылықты жерін, қызмет аясын өзгертуге, үйлерін сатуға, жерді игеруге жағдайы болмай, пайларынан бас тартуға , тегін беріп кетуге мәжбүр болды. ҚР азаматтарының көпшілігі ауыл шаруашылығы құрылымдарын жекешелендіруге қатыспады -а уылдық жерлерде тұрып, әлеуметтік, білім, мәдениет, денсаулық салаларында қызмет істеді немесе жұмыссыз болды. Сондықтан Қазақстан азаматтарының 99% - дан астамының меншігінде де, жалға алынған да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жоқ. Барлығы 19 млн халықтың 100 мыңға жуығы меншігінде немесе 49 жылға жалға алынған жер телімдері бар. Яғни Қазақстанда тұратындардың тек 0,5% - ы ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне ие. Халықтың 1 пайызынан азы бүкіл жердің тағдырын басқа 99% атынан шешпеуі керек. Сол себептен "жер мәселесін , жермен айналысатындар , мамандар шешу керек" - деген пікірмен келіспеймін. Мүмкін біз қазір жердін маманы емес шығармыз, бірақ біздің немере шөберелеріміз жермен айналасуы мүмкін. Барлығымыз бірге шешуіміз керек.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТЕК ЖАЛҒА БЕРУДІ ҰСЫНАМЫН. ОНЫ ТЕК МЕМЛЕКЕТ АТЫНАН ТІКЕЛЕЙ ЖАЛҒА АЛАТЫНҒА БЕРУ КЕРЕК

Негіздеме: жерге жеке меншік құқығын талап ететіндердің айтатын уәжі - жерді тек коммерциялық айналымға енгізу арқылы нарықтық құны пайда болады, және инвесторлар үшін пайда табу мүмкіншілігі өседі деп өз ойын дәлелдеп жүр. Бірақ ол жалғыз ғана нарықтық құрал емес. Мысалы егер біз заңмен Қазақстанда жерді белгілі қзақтау мерзімге жалға беру нарығын құратын болсақ, онда жеке меншікке сатпай, жер қатынастары саласында нарықтық қатынастар құруға жеткілікті құрал. Бұл жағдайда жалға беру жер учаскелерінің түріне байланысты әртүрлі мерзімдерді , әртүрлі бағалар мен шарттарды қамтуы керек. Шарттарды орындау кезінде алдын-ала сынақ кезеңінен бастап , ары қарай созуға болады. Ең ұзақ мерзімі 49 жылға дейін.

Бірақ мемлекеттік органдар бұны ашық , жәрия түрінде, әділ өткізу жүйесін ортнату керек.

ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТТЕН ЖАЛҒА АЛУШЫНЫҢ АРЫ ҚАРАЙ БАСҚАЛАРҒА СУБАРЕНДАҒА БЕРУІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК

Негіздеме: жерді жалға берудің негізгі мақсаты оны босқа жатқызбай өңдеуге және тиімді пайдалануға ынталандыру болуы керек. Жерге салынатын салықтар сапалы өнім алуға, жаңа технологиялар енгізуге және жұмыс орындарын ашуға итермелеуі тиіс. Егер Жалға алушы жерді тиімді пайдалана алмаса, оны мемлекетке қайтаруға міндетті. Оны әрі қарай келесі пайдаланушыға жалға беру тек мемлекеттің құзырында, барлық жағдайларда бірдей болуы керек. Тиімсіз жалға алушы оны өз қалауы бойынша қосалқы жалға - субарендаға беруге құқылы болмауы керек. Бұл шектеуді еңгізсек Қазақстанда "латифундистер – рантье" пайда болуына жол бермейді. Болмаса олар үлкен жер учаскелерін иемденіп, мемлекет пен жерді пайдаланушы арасындағы делдал ретінде субарендаға беріп, дым әрекет жасамай пайда табатын болады. Бұл экономика үшін тиімді емес , өйткені өнімнің бағасы делдал-жалға алушының қосымша пайдасы есебі қосылады. Жерді пайданалғысы келген азаматтар оған қолы жетпейді. Сыбайластық жемқорлыққа дол ашылады. Жерді көптеп бір қоға беріп , қалған азаматтарды сол жеке адамға тәуелді қылады. Оған жол бермеу керек.

ӘКІМДІКТЕР ЖЕР КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАМАУЫ ТИІС. БҰЛ ФУНКЦИЯ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕ ПРЕЗИДЕНТКЕ ТІКЕЛЕЙ БАҒЫНАТЫН ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАРДА ҒАНА БОЛУЫ КЕРЕК

Негіздеме: Жер ресурстарын басқару-Жер ресурстарын есепке алу, бөлу және бақылау мәселелері Сыбайлас жемқорлық көп тараған салаларының бірі. Бірінші Жер комиссиясынан өткен 5 жыл ішінде біз қандай учаскелерге қандай адам иелік ететінін, жердің қандай күйде екенін, оны қалай тиімді пайдаланатынын, бұл учаскелер нашарлағанын анықтай алдық па? ЖОҚ! Қолданыстағы заңнама бойынша бұл ақпарат жергілікті органдардың сайттарында болуы керек. Ол да жоқ. Неліктен? Жергілікті деңгейде милиондаған гектарға дейін жері бар, бюджеттен жүздеген миллион субсидия алатын билікке жақын қаржылық өндіріс топтары бар. Әкімдіктер оларға жерді өздері береді, субсидиялар бойынша өздері шешеді, өздері бақылайды. Сондықтан , иелері туралы ақпарат қол жетімді болуы оларға пайдалы емес. Олай болғасын жердің ашық космомониторигіне кедергі келтіреді, өйткені осы мәліметтер негізінде қанша жер егілгенін ғана емес, сонымен қатар топырақтың, егіннің және жағдайын көре алуға болады. Бұл салық жинауға және өнім бағасын болжауға көмектеседі. Сол себептерден оған жергілікті әкімдердің қасындағы сабайластық топтар қарсылық жасайды. Ең тиімдісі жерді бақылау жөніндегі функцияларды орталық органға беріп, оны ең Әлеуметтік және экономикалық маңыздығвн ескеріп тікелей ҚР Президентіне бағындыру керек.

Мұрат Әбенов – Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі, "SERPIN" Ұлттық Білім және инновациялар палатасының төрағасы. Бұл ұсыныстарды  2021 жылғы 25 наурызында жария етілді және жазбаша түрде хатшылыққа жолданды .

 

426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз