Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Сәуір, 2021

Бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты, - деді ол. 

Мемлекет басшысы бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс екенін қадап айтты. 

 

Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын, - деп қорытындылады Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін иммундау қарқыны бойынша Қазақстан көшбасшы мемлекеттерден едәуір артта қалғанын мәлімдеген болатын. Ол сонымен қатар, елдегі жағдайдың мүшкіл екенін де жеткізді.

 baq.kz 

488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз