Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Сәуір, 2021

Тұрғын үй бағасы үш аймақта аса қымбаттап кеткен

Елімізде қайталама нарықтағы пәтерлер бағасы өсуде. Krisha.kz мәліметтері бойынша, жыл басынан бергі динамика 6%-тен асты, ал аймақтардың бірінде ол 30%-ке жуықтаған. 

Ақтауда рекордтық өсім байқалады. Қаңтармен салыстырғанда баға индексі 27,7% өсіп, бір шаршы метр үшін 245 120 теңгені құрады. 

Сондай-ақ тұрғын үй бағасы аса қымбаттаған қалалардың үштігіне Орал (+ 10,6%) және Атырау (+ 10%) кірді: бір шаршы метр үшін 252 980 және 311 360 теңге. Үш қала да зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану бойынша көш басында тұр. 

Ақтөбеде динамика 8,3%-ке жетті, тұрғын үйдің бір шаршы метрі 193 620 теңгені құрайды. 

Қарағанды, Өскемен және Қызылордада қаңтармен салыстырғанда баға сәйкесінше 7.3, 7 және 6.5% өсті. 

Басқа қалалардағы динамика және қазіргі тұрғын үй бағасы: 

Павлодар – 5,8%, 270 360 теңге/шаршы метр 

Семей – 5,8%, 250 840 теңге/шаршы метр 

Қостанай – 5,4%, 267 560 теңге/ш.м

Талдықорған – 5,2%, 273 260 теңге/ш.м Петропавл – 4,4%, 322 000 теңге/ш.м 

Тараз – 3,4%, 222 240 теңге/ш.м 

Көкшетау – 2,3%, 269 580 теңге/ш.м. 

Алматыда тұрғын үй бағасы қаңтармен салыстырғанда шаршы метрі үшін 4,4% қымбаттады. Наурызда орташа бағасы 488 800 теңгені құрайды. Шымкентте екі айда баға 3 процент өсіп, 323 460 теңгені құрады. 

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй 3%-ке қымбаттады. Орташа есеппен бір шаршысы үшін 367 700 теңге сұрайды.

24kz

 

389 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз