Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Сәуір, 2021

Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

Мұндай шешім ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында қабылданды.

«Отырыста ОПЕК+ елдері мұнай өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан мамырда тәулігіне 1,463 млн баррель, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррель және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррель мұнай өндіреді.

923 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз