Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Сәуір, 2021

Балалар үйінің тəрбиеленушісі əлі табылмай жатыр

Қызылорда облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы балалар үйінен жоғалған қызды әлі іздеп жатыр.

Бұл жайында полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Қызылорда полициясы отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы үйінің тәрбиеленушісі 27 тамыз 2004 жылы туған Ділда Мұсабекқызы Нұғмановаға іздеу салады. 

Ділда Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Белгілері: бойы - 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. 

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берген жөн: 8 (7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.


 

 

464 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз