Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 09 Сәуір, 2021

Бельгияда AstraZeneca вакцинасына қатысты шешім өзгерді

Бельгияда AstraZeneca вакцинасын қолдануға байланысты оғаш жағдай қалыптасты, деп хабарлайды kazgazeta.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ақпан айында Корольдікте бұл екпені тек жасы 55-тен төмен адамдарға салуды шешкен.

Ал жақында осыған тура қарама-қайшы шешім қабылданып, оны жасы 55-тен асқандарға қолдану бекітілді. Оған Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі агенттіктің AstraZeneca вакцинасынның жанама әсері өте сирек деген шешімі түрткі болды. 

Дегенмен, кей еуропалық елдер оны пайдалануға байланысты шектеулер енгізген. Бельгияда осы екпенің бірінші дозасын алғандар енді препараттың екінші данасын салдыруы екіталай. Бірақ мамандар AstraZeneca төңірегіндегі жайт вакциналау науқанына кері әсер ете қоймағанын айтады. 

Адриен Дюфур, вакциналау орталығының басшысы: - Кеше он шақты адамға екпе салынбады. Халық AstraZeneca вакцинасына қатысты көп сұрақ қойып жатыр. Бірақ біздің қызметкерлер азаматтардың арасында түрлі түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, олардың бойындағы үрейді сейілтуге күш салуда.

 

 

1035 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз