- Qazaq gazetteri TV
- 20 Мамыр, 2021
Таңбалы түні

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық музейлер күні қарсаңында Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты«Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі алғаш рет «Музейлер шеруі» акциясы аясында «Таңбалы түні » атты музей түнін өткізді.
Акция «Ұлы дала галереясы» атты ғылыми-танымдық конференциясымен басталды.Іс-шараға Жамбыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, белгілі суретшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция барысында «Таңбалы» қорық- музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Шарипов Ринат Қалимолдаұлы, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, Жетісу Мемлекеттік Университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы көркем академиясының мүше-корреспонденті Баримбеков Жақан Шелбайұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысы, Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі Ысқақов Әуелбек Мұсаханұлы қатысып, «Ұлы дала галереясы» тақырыбы бойынша түсінідіріп, баяндама жасады.
Әмірғалиев Мадияр,«Таңбалы» қорық-музейінің директоры:
«ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі, көне дәуірдің баға жетпес байлығы саналатын «Таңбалы» қорығында әлемде сирек кездесетін петроглифтер,ежелгі адамдардың қоныстары, қорғандары және тағы да басқа тарихи мұралар сақталған. Жалпы айтқанда – жоғалып кеткен дала өркениетінің табиғатпен үндесуі арқылы бүгінге жеткен шежіресі іспеттес.Мұнда 5 мыңнан аса петроглифтер мен 100-ге жуық археологиялық объектілер орналасқан. Осыдан шамамен үш, бес мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі дәуір адамдары өз дәуірінің тіршілік, танымын тасқа қашап бейнелеген болса, бүгінгі тәуелсіз елдің танымал суретшілері үшін осы тарихты қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік туып отыр. Бүгін екі дәуірдің сурет өнерін тоғыстырып, «Ұл дала галереясы» атанған «Таңбалының» жартас өнерін суретшілер көзімен, қыл-қаламның ұшымен тарқататын күн. Болашақта ашық аспан астындағы дала галереясын «Суретшілер Меккесіне» айналдыру мақсатымыз»
Шарипов Ринат, «Таңбалы» қорық- музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары:
«Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен.Бес мыңнан астам жартасқа салынған суреттердің әрқайсысы тарихтан сыр шертетін аса құнды мұра.Біздің басты мақсатымыз – ескерткіштерді, тарихи мұрамызды, тарихи жәдігерлерімізді,оның ішіндегі әлемде тендесіз жоқ жартастағы суреттерімізді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу»
Конференциядан кейін музейге келушілер арасында түрлі ойындар ұйымдастырылды.
Кеш соңында жастар топталып, от жағып, бас қосты. Ән айтып, әзілдесті. Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар.
Толығырақ бейнематериалдан тамашалаңыздар

12951 рет
көрсетілді10
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Nhkiwy
02 Мамыр, 2022usa viagra overnight - sildenafil 100mg pills for men viagra 200mg price
Glwzaf
06 Мамыр, 2022prednisolone 40mg brand - cialis 40mg sale oral cialis
Nmuaxl
09 Мамыр, 2022augmentin 1000mg sale - us cialis sales tadalafil 40mg tablet
Jbithf
12 Мамыр, 2022bactrim 960mg generic - trimethoprim pill sildenafil order
Lnfhqh
14 Мамыр, 2022cephalexin 500mg tablet - cephalexin pills order erythromycin generic
Gjxvrn
16 Мамыр, 2022sildenafil 100mg tablet - ivermectin over the counter can you buy stromectol over the counter
Meaars
19 Мамыр, 2022buy ceftin generic - order cefuroxime 500mg generic buy cialis 5mg pills
Ubcavi
23 Мамыр, 2022amoxicillin 500mg without prescription - order levitra generic levitra cheap
Urlnat
24 Мамыр, 2022oral ivermectin cost - ivermectin uk buy vardenafil oral
Xlvdgu
26 Мамыр, 2022doxycycline 200mg tablet - oral clomid 100mg cialis on line