Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Шілде, 2021

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде 348 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында 212 науқас тіркелді. Теңіз кен орнында 34 жұмысшы індет жұқтырды. Жылыой ауданында 43, Құрманғазыда – 14, Исатайда – 13, Индерде – 11, Мақатта – 10, Махамбетте – 10, Қызылқоға ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 105 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде аудандардағы стационарларда 271, №2 облыстық ауруханада 203, модульдік ауруханада 188, теміржол ауруханасында 107, кардиологиялық орталықта 101, фтизиопульманология орталығында 96 науқас бар. Ал, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 пациент, өз үйінде емделу үшін 2 399 адам оқшауланған. Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырауда 2 907 науқас коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


 

333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *