Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Сәуір, 2024

Семейде заманауи спорт кешені салынады

Семейде заманауи спорт кешені салынады, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
«Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады. Бүгінде тиісті жұмыстар басталып үлгерді. Аяқталатын уақыты – 2026 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.
Демек, жақында Семейдің сол жағалауында бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін заманауи арена пайда болады.
Стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, әуесқой футболшылар мен жалпы жұртшылықтың қызығушылығын тудыруда.
Жаңа стадион спорттық жарыстарды өткізуге арналған арена ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы тұрғындардың жиі бас қосатын орындарының бірі болады.
Стадион құрылысы – Қазақстанның спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Ол жарыс кезінде көрермен мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологиялармен жабдықталады.
Стадион сыйымдылығы және ерекше дизайнымен жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар қала қонақтарының да назарын өзіне аударады.
Жаңа стадион тек спорттық іс-шараларды өткізумен ғана шектелмейді. Бұл жерде концерттер, фестивальдар және көрмелер сияқты әртүрлі ойын-сауық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл аймақтағы туризм мен мәдени алмасуды дамытады.
Сонымен қатар, жаңа стадион әлеуметтік интеграция мен халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді деп күтілуде. Спорт - қоғамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін үлкен маңызға ие, ал жаңа стадион кәсіпқойларға да, әуесқойларға да спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.
Осылайша, қазақ футболының отанындағы жаңа стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, спорттық іс-шаралар, ойын-сауық және мәдени іс-шаралардан ләззат алатын, азаматтардың қоғамдық байланыстары мен бірлігін нығайтатын орын болады.
 

Фото: Абай облысының әкімдігі
 

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз