Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Шілде, 2021

Қазақстандық Жансель Дениз жеңіліп қалды

Қазақстандық Жансель Дениз Олимпиада ойындарының тхэквондо жарысында ширек финалда сүрінді.

67 келіде сынға түскен Дениз алғашқы кезеңде өзбекстандық Светлана Осипованы 10:9 есебімен жеңген. Кейін ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері ұлыбританиялық Бианка Уокденмен кездесті. Бұл жекпе-жекте Дениз қарсыласына 7:17 есебімен жол берді. 

Жансель Дениз Степногорск қаласында туған. Кейін ата-анасы Түркияға қоныс аударып, спортшы сол елдің намысын қорғаған. Артынша Дениз Қазақстанға көшіп келген. Спортшы 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады, бірақ алғашқы кезеңнен өте алмаған еді. 

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз