Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Тамыз, 2021

Алматыда биыл 30 мың оқушы 1-сыныпқа барады

Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа шамамен 30 мың оқушы қабылданады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылында қаланың 287 мектебінде 300 мыңға жуық оқушы білім алатынын айтты. Бірінші сыныптарға 30 мыңнан астам бала барады.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды міндеттер – балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау, балалар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оқыту-тәрбиелеу процессін сапалы ұйымдастыру, оның ішінде балалардың білімдерін жетілдіру және психологиялық қолдау көрсету.

«Бұдан өзге, мектептерде науқас балалар анықталған жағдайда оларды кейін қашықтан оқытуға ауыстыру үшін алгоритм әрекеттері әзірленді. Білім басқармасына ата-аналар қауымдастығымен сапалы кері байланыс орнату, оның ішінде ата-аналарға кеңес беру үшін барлық білім беру ұйымдарында «сенім телефондары» мен call- орталықтардың жұмыстары жанданды «, - деді Бақытжан Сағынтаев.

504 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз