Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2021

COVID-19-дың шығу тегіне қатысты тергеу тоқтады

Әлемдік COVID-19 пандемиясына әкелген SARS-Cov-2 коронавирусының шығу тегіне тергеу тоқтады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru порталына сілтеме жасап. 

ДДСҰ мамандары коронавирустың зертханадан емес, табиғи жолмен шыққанына сенімді, олар осы нұсқаға назар аударуға шақырды. Сонымен қатар, мамандардың пікірінше, зерттеу мүмкіндіктері азайып барады: 2019 жылдың желтоқсанына дейін вирус жұқтырған адамдарда SARS-Cov-2-ге антиденелері біртіндеп жоғалып жатыр. Ал коронавирус жануарлардан адамға таралуы мүмкін фермалар жойылған болуы керек.

Бұған дейін АҚШ-тың барлау қызметі Америка президенті Джо Байденге COVID-19-дың шығу тегі туралы нақты қорытынды бере алмаған еді. Баяндамада инфекцияның қалай пайда болғаны туралы бірыңғай тұжырым жоқ. Бастапқыда зерттеу "COVID-19 зертханадан тарады ма әлде жануардан жұқты ма?" деген сұраққа жауап беруі керек еді. Алайда баяндама авторлары нақты қорытынды жасай алмады.

Биыл наурызда ДДСҰ мен Қытай жүргізген коронавирустың пайда болуы туралы тергеуде вирустың адамға жарқанаттан басқа жануар арқылы жұғуы мүмкін екені айтылған.

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз