Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Тамыз, 2021

Президент Жамбылдағы әскери қойма жарылысынан кімдер жарақат алғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді.

"Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды", - деп жазды Президент Twitter желісінде. 

Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Сондай-ақ, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылған.

Атап айтар болсақ, Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына түрлі жарақатымен жеткізілді.

Осы нысанның жанында Байзақ ауданының Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері орналасқан, олар қазіргі уақытта эвакуацияланған. Өртті сөндіру үшін ТЖД-нің 12 техникасы мен 42 қызметкері, сондай-ақ әскери бөлімнен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Бірқатар жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды.

Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз