Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Тамыз, 2021

Әскери бөлімдегі өрттің бір бөлігі сөндірілді

Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдегі өрттің бір бөлігі сөндірілді.

«Жамбыл облысында әскери бөлімдегі қоймадан шыққан өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің бір бөлігі сөндірілді. Оқиға орнынан Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі ресми таратқан ақпаратта. Естеріңізге сала кетсек, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың атап өтуінше, әскери бөлімге таяу маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданған.

 

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз