Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2021

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды. Ресми ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі таратты.

«Бүгін Жамбыл облысындағы әкери бөлім қоймаларының бірінде сағат шамамен 19:00-де өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы мен өртті сөндіруге арналған шынжырлы арнаулы техникасы, сонымен қатар Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру топтары жұмылдырылған. Қоймада негізінен инженерлік оқ-дәрі сақталған және олар алыс қашықтыққа ұшпайды. Жалпы 6 жарылыс орын алды», - деп хабарлады министрліктен.

Ведомство мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы ақпарат бар. Оның 10-ы әскери қызметші.

Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген Әскери әуе күштерінің әскери-техникалық авиация борты ұшып кетті.

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз