Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Тамыз, 2021

Зардап шеккендер арасында балалар жоқ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.

 Өзге ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елді-мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуациялады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиев барды. Сондай-ақ оқиға орнында ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері де жұмыс істеп жатыр.

Эвакуацияланған балаларға қажетті жағдайлар жасалды, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ұйықтайтын орындар карантин талаптарын ескере отырып жабдықталды.

Эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Орталықта барлық жағдай жасалған. Мұндай тәжірибе бұрын-соңды орын алған төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылған.

Айта кетейік, балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі шұғыл түрде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желілердің жұмысын ұйымдастырды: «Bala gorqau»телеграмм-чат 87025642168

87012100238

87172742528

317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз