Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Тамыз, 2021

Тоқаев жарылыс кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Президент Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі», — делінген хабарламада.

Жиынға премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ, Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты.

 

529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз